Қоғам қызметі, жұмыс кездесулері, жоба кезеңдері және негізгі бастамалар туралы материалдар.
Бүгін Астана қаласында ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған SearchInform компаниясының жыл сайынғы «Инфобез без иллюзий» конференциясы өтті.
Форум аясында ESG күн тәртібінің өзекті бағыттарын талқылауға «Turar Healthcare» КЕАҚ Денсаулық сақтау инфрақұрылымы нысандарын жобалау департаменті директорының орынбасары Жүсіпова Жанелия Балдырғанқызы қатысты.
Жезқазған қаласында 100 төсектік онкология орталығы және бір ауысымда 250 адам қабылдайтын заманауи емхана салынады.
2026 жылғы 2 қарашада Астана қаласында «Turar Healthcare» КеАҚ басқарушы директоры, сондай-ақ Денсаулық сақтау инфрақұрылымының ахуалдық орталығының, Денсаулық сақтау инфрақұрылымы объектілерін жоспарлау департаментінің және Денсаулық сақтау инфрақұрылымы объектілерін жобалау департаментінің қызметкерлері «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс – 2027: Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер» іс-шарасына қатысты.
«Turar Healthcare» КЕАҚ-ның Азия даму банкімен халықаралық ынтымақтастығы аясында Басқарма төрағасы Асқар Насибуллаұлы Хорошаш 2026 жылғы 26–30 қазан аралығында Барселона (Испания Корольдігі) және Лондон (Ұлыбритания) қалаларында өткен Leadership Practicum «Hospital of the Future» халықаралық білім беру бағдарламасына қатысты.
2026 жылғы 1 қарашада Лондон қаласында «Turar Healthcare» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Хорошаш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Жемақишева Амина Абаевна мен International Hospitals Group (IHG) компаниясының төрағасы Честер Кингтің кездесуі өтті.