Қоғам қызметі, жұмыс кездесулері, жоба кезеңдері және негізгі бастамалар туралы материалдар.
Бүгін Turar Healthcare конференц-залында Ұлттық оператор мен Asian Development Bank (ADB) өкілдерінің Қарағанды, Ақтөбе және Семей қалаларында 300 орындық университеттік ауруханаларды салу жобаларын іске асыру мәселелеріне арналған кездесуі өтті.
«Turar Healthcare» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Насиболлаұлы Хорошаш Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-да кеңеске қатысты. Кеңес барысында «Turar Healthcare» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Насиболлаұлы Хорошаш «Университеттік аурухана құрылысы жобасының іске асырылу барысы туралы» баяндама жасады.
Turar Healthcare компаниясының төрағасы Асқар Хорошаш Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығына жұмыс сапарымен барып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен және өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерімен бірге кәсіптік денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.
Turar Healthcare компаниясының төрағасы Асқар Хорошаш Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Бұқар Жырау ауданының Гагарино ауылындағы ұлттық жоба аясында салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияға барды. Мұнда телемедицина қызметтері пилоттық режимде іске қосылды.
2026 жылғы 16 шілдеде «Turar Healthcare» КЕАҚ 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары бойынша есеп ұсынды. «Turar Healthcare» КЕАҚ Басқарма төрағасы А. Хорошаш баяндама жасап, аталған кезеңдегі Қоғам қызметінің нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жобаларының іске асырылу барысы, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Қоғамның атқарған жұмыстары туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған қызметтің басым бағыттарын айқындады.
«Turar Healthcare» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Хорошаш Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Налибаевтың төрағалығымен өткен денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.