Қоғам қызметі, жұмыс кездесулері, жоба кезеңдері және негізгі бастамалар туралы материалдар.
2026 жылға арналған «Turar Healthcare» ҰАҚ Медиа-жоспары аясында «Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру» бағыты бойынша Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын (ӨПЖ) әзірлеу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Сапар барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесу барысында қаладағы денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасын арттыру және одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Бүгін Turar Healthcare конференц-залында Ұлттық оператор мен Asian Development Bank (ADB) өкілдерінің Қарағанды, Ақтөбе және Семей қалаларында 300 орындық университеттік ауруханаларды салу жобаларын іске асыру мәселелеріне арналған кездесуі өтті.
«Turar Healthcare» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Насиболлаұлы Хорошаш Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ-да кеңеске қатысты. Кеңес барысында «Turar Healthcare» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Насиболлаұлы Хорошаш «Университеттік аурухана құрылысы жобасының іске асырылу барысы туралы» баяндама жасады.
Turar Healthcare компаниясының төрағасы Асқар Хорошаш Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығына жұмыс сапарымен барып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен және өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерімен бірге кәсіптік денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.
Turar Healthcare компаниясының төрағасы Асқар Хорошаш Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Бұқар Жырау ауданының Гагарино ауылындағы ұлттық жоба аясында салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияға барды. Мұнда телемедицина қызметтері пилоттық режимде іске қосылды.