Қоғам қызметі, жұмыс кездесулері, жоба кезеңдері және негізгі бастамалар туралы материалдар.
2026 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор – «Turar Healthcare» КЕАҚ-ның, «Ұлттық энергия тиімділігі орталығы» АҚ-ның, Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) және Германия энергетикалық агенттігінің (dena) қатысуымен денсаулық сақтау инфрақұрылымында энергия тиімді тәсілдерді енгізу мәселелері жөніндегі республикалық семинар-кеңес өткізілді.
«Turar Healthcare» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Хорошаш 2026 жылғы 7–8 тамызда Алматы қаласында өткен «Шипажай–2026» XI Халықаралық ғылыми-практикалық форумына қатысты. Форум Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, курортология, медициналық оңалту және санаторийлік-курорттық емдеу саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылардың басын қосты.
2026 жылғы 3–6 тамыз аралығында Денсаулық сақтау саласына инвестициялар платформасы (Health Impact Investment Platform, HIIP) жобасын іске асыру аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Қазақстандағы Елдік офисі мен денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор – «Turar Healthcare» КЕАҚ өкілдерінің Қызылорда облысына жұмыс сапары өтті.
2026 жылға арналған «Turar Healthcare» ҰАҚ Медиа-жоспары аясында «Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру» бағыты бойынша Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын (ӨПЖ) әзірлеу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Сапар барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесу барысында қаладағы денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасын арттыру және одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Бүгін Turar Healthcare конференц-залында Ұлттық оператор мен Asian Development Bank (ADB) өкілдерінің Қарағанды, Ақтөбе және Семей қалаларында 300 орындық университеттік ауруханаларды салу жобаларын іске асыру мәселелеріне арналған кездесуі өтті.